Қоғамдық көлікте жолақы төлеудің электрондық жүйесі енгізілуде
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қоғамдық көлікте жолақы төлеудің электрондық жүйесі енгізілуде](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107506419201724.webp)
ашық дереккөз
Электрондық төлемді енгізу қоғамдық көлікте төлемдерді қабылдауда заманауи жүйе жасауға, жаңа инновациялық технологияларды енгізуге, жолаушылар көлігі жұмысының тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ қызмет көрсетуші мамандардың жосықсыз іс-әрекеттерін азайту арқылы көлеңкелі экономикадан қаражатын шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қоғамдық көлікте ақы төлеу жүйесі еліміздің 12 қаласында - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Атырау, Ақтау, Тараз, Өскемен, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар қалаларында, ішінара Орал, Қызылорда, Петропавл, Түркістан сияқты 4 қалада толық жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Қарағанды қаласында электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар