Құрбан Айттың алғашқы күні 40 мың отбасыға ет таратылды – ҚМДБ
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Құрбан Айттың алғашқы күні 40 мың отбасыға ет таратылды – ҚМДБ](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107538143404525.webp)
Құрбан айттың алғашқы күніндегі мәлімет бойынша республика деңгейінде qurban2021.kz сайты арқылы 2 132 адам құрбандық шалуға тапсырыс берсе, еліміз бойынша жалпы саны 7 670 мал шалынған. «Оның ішінде 6740 қой, 603 ірі қара, 318 ешкі, 9 түйе бар. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 40 156 отбасыға құрбандық еті таратылды. Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Баршаңыз шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасып отырсыздар. Көмек алған жандардың сіздерге жолдаған дұға-тілектері қабыл болғай. Жаратқан Жаббар Иеміз мерейлеріңізді үстем етіп, екі дүниенің нығметі мен құрметіне бөленуді нәсіп еткей. Әмин!», - деп хабарлады діни басқарма.