Елордада вакцина алғандар арасында Iphone12 смартфонының ұтысы өтті
Ұтыс ойыны тікелей эфирде 17 шілде күні (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube https://www.youtube.com/watch?v=a0oeW8XXo04&feature=youtu.be) парақшаларында өтті. Бұл ұтыс ойынын елорда әкімдігі апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді. Birge (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол вакцинацияланғандар арасында ID нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Айта кету керек, вакцинацияланғандар сервисі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Ұтыс ойынына вакцина алғандар автоматты түрде қатысады. Оған қатысу үшін құжаттар толтырдың қажеті жоқ. Сонымен тікелей эфир барысында Азамат Аққошқаров (№39137) пен Сәндігүл Игілікова (№13011) iPhone12 смартфонының кезекті екі данасын жеңіп алды. Бұдан бөлек, түрлі демеушілердің сыйлықтары да ұтысқа қойылды. Ал жеңімпаздары төмендегідей: «Sulpak» дүкенінің тоңазытқышын Нұрсұлу Нұрекешова (№14964); «Sulpak» дүкенінің теледидарын Нина Савицкая (№14080); «Sulpak» дүкенінің микротолқынды пешін Дамир Нұржанов (№34262); «Мечта» дүкендер желісінің Алисасы бар ақылды колонкасын Расулбек Қуанышбеков; «Мечта» дүкендер желісінің ультрадыбыстық ылғалдандырғышын Диля Дуиесинова (№41207); «Белый Ветер» дүкенінің бейнетіркегішін Азамат Жүнісбеков (№25842) жеңіп алды. Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өтуде. Ұтыс ойынына екі бөлмелі пәтер де қойылды. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған әрі 18 жастан асқан қала тұрғындары елордада екі бөлмелі пәтер ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктінде екпе алғандар қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі. Ал «MEGA Silk Way» СОО-дағы вакцинация пунктінде екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді. Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі бұрынғы режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.