Жоғалған ер адам М.Мәметова шыңынан табылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жоғалған ер адам М.Мәметова шыңынан табылды
ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін мұздықты тексеру кезінде РЖҚЖ қызметкерлерінің жаяу тобы ер адамды тапты. Ол қатты тоңып қалған. Құтқарушылар оған жылы киім берді. Табылған адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қазір жедел топ таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр. 18 шілде күні турист Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен болатын. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын альпинизм федерациясының альпинистерімен бірлесіп жүргізді. Жоғалған азаматты іздестіруге «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.