Елордада карантин тәртібін бұзған 13 мекеме анықталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада карантин тәртібін бұзған 13 мекеме анықталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107535039326109.webp)
Есіл ауданында «Текила» лаундж-бары мен «LAVASH FOOD» фаст-фуд пункті жұмыс режимін бұзды.
Сондай-ақ, тыйым салынған уақытта Байқоңыр ауданында орналасқан «Сotton» және «Kids vau» дүкендері жұмыс істеді.
Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы бірден 6 кәсіпкерлік нысанында: «Цезарь» кафесінде, «Арман қала», «Мирас», «Самал» мейрамханаларында, «Hot2be» караокесінде, «Champ» ойын клубында карантин талабының бұзылғанын анықтады.
[caption id="attachment_90927" align="alignnone" width="891"] Фото: astana.gov.kz[/caption]
Сонымен қатар, белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданындағы «Алуа» кафесі, «Белес» мейрамханасы және «Cotton» дүкені жұмысын жалғастырды.
Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауырғандар саны бірнеше есе өсті. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы тиіс.