Криштиану Роналду жұмбақ мәлімдеме жасады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Криштиану Роналду жұмбақ мәлімдеме жасады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107534345491946.webp)
Футболшы Instagram желісінде «Роллс-Ройспен» түскен суретін салып, «шешім қабылдайтын күн» деп жазыпты.
Бұған дейін туриндік клуб Роналдумен 2023 жылға дейін жаңа келісім жасағысы келетінін хабарланған болатын. Ол бойынша португалиялық шабуылшының жалақысы жылына 31 миллион еуродан 20 миллионға дейін төмендейді. Ал L'Équipe мәліметінше, «Ювентус» Роналдуды «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Мауро Икардиге айырбастауы мүмкін. Роналду 2018 жылдан бері туриндік «Ювентусте» өнер көрсетеді. 36 жастағы португалиялық шабуылшы өткен маусымда 29 гол соғып, Италия чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Роналдудың италиялық клубпен келісімшарты 2022 жылғы 30 маусымға дейін. Ал Икарди 2019 жылы 80 миллион еуроға сатып алу құқығымен ПСЖ-ға өткен. 2020/21 жылғы маусымда Икарди барлық турнирде 26 матч өткізіп, 12 гол соғып, 6 сәтті пас берді.