Германияда жасөспірімдер мінген ұшақ құлады: қаза тапқандар бар
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Ұшақ түстен бұрын Анхальт-Биттерфельд ауданында апатқа ұшырады. Бортта 55 жастағы ұшқыш пен үш жолаушы болған. Олардың екеуі 14 және 17 жаста. Ұшқыш пен кәмелетке толмаған балалар мерт болды. Төртінші адам аман қалды. Ол көптеген жарақатпен ауруханаға түсті. Апаттың себептері және мән-жайы анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар