Қазақ әншісі «Славян базары» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақ әншісі «Славян базары» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210753647516482.webp)
ашық дереккөз
Фестивальдің бірінші орыны Сербияға, екінші орын Украинаға бұйырып, үшінші орынды Словакия мен Әзербайжан өзара бөлісті.
Гран-при үшін ақтық сын өте тартысты болған. Байқаудың үздік орындаушысына жүлдені қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко тапсырды.
2015 жылы «Славян базарында» топ жарған әлемге әйгілі Димаш Құдайберген де биылғы ән байқауына қазылық еткен болатын.
Айта кетейік, 22 жастағы Рухия Байдүкенова Талдықорғанның тумасы. Ол ән айтумен бала кезінен айланысқан.
Қазір бойжеткен Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 3-курста оқиды.
Ұқсас жаңалықтар