Ұлттық банк қолдан жасалған 336 дана ақшаны анықтады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
"Былтыр осы кезеңде осындай 390 банкнот айналымнан алынған болатын. Көп жағдайда номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік купюралар қолдан жасалады – олардың жалпы үлесі 65% және 19%. Қалған 16%-ы басқа номиналдағы банкноттар мен монеталарға тиесілі. Жалған ақшалардың көп бөлігі Алматы (228) мен Нұр-Сұлтанда (43) анықталды", - делінген хабарламада.
Қолдан ақша жасаушылар негізінен визуалды қорғаныш элементтерін имитациялайды. Бір қарағанда, олар шын ақша сияқты болуы мүмкін, бірақ банкнотты мұқият зерделеп көрген кезде қолдан жасалғанын анықтай аласыз. Түпнұсқа банкноттар айқын бейнелерімен ерекшеленеді, аңыздағы Самұрық құсы түріндегі су белгісі, номиналы, сондай-ақ жарық түсірген кезде анық көрінетін қорғаныш жібі бар. Шын ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында толығырақ танысуға болады.
Ұқсас жаңалықтар