Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210753587554836.webp)
ашық дереккөз
Қазгидромет мәліметінше, елдің көп бөлігінде Солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің әсерінен әлі де найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей аумақтарда тұман күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде +17+25℃, күндіз +28+39℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде +6 +21℃, күндіз +20+36℃, елдің орталығы мен шығысында температура түнде +7+20℃, күндіз +23 +35℃, Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік-шығысында түнде +12+22°С, күндіз +29+40°С болады.
Ұқсас жаңалықтар