Ақтоты Райымқұлова «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің ашылуына қатысты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ақтоты Райымқұлова «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің ашылуына қатысты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210753741117116.webp)
Салтанатты ашылу рәсімінде арнайы шақырылған қонақ, танымал әнші, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева ән айтты. Биылғы XXX «Витебсктегі Славян базары» эстрада орындаушылары арасындағы фестивальге 16 мемлекеттің өнерпазы қатысады. Еліміздің атынан Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті Рухия Байдүкенова (22 жаста) өнер көрсетеді. Қазылар алқасының қатарында танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, XXIV халықаралық «Славян базары» эстрада орындаушылары байқауының Гран-при иегері Димаш Құдайберген жүзден жүйрік өнерпаздарды таңдауға қатысады. Айта кетейік, биылғы өнер фестивалі 15-18 шілде аралығында өтеді. Көрермендің байқауға келуі үшін Беларусь Республикасы 73 мемлекетпен визасыз режимде келіп-кету жүйесін енгізіп отыр. Байқау ересектер мен балалар арасында өтеді. «ВИТЕБСК-2021» XIX халықаралық балалар арасындағы музыка байқауына биыл 18 мемлекеттің жас әншісі келді. Қазақстан атынан 10 жастағы Амина Асгатова барды.