«ANTIKOR»-да ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау мәселесі бойынша кездесу өтті
Кездесуге «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Әшімов, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Дастан Шоланов қатысты. Кездесу барысында субсидия алуға өтінім берген сәттен бастап ашық және әділ жүйені қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету жөніндегі ұсыныстар талқыланды, сондай-ақ субсидиялау мәселесі бойынша кәсіпкердің бүгінгі күні туындайтын проблемалары қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша айтылған барлық ұсыныстар Агенттіктің бастамасы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау саласында жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді талдау үшін ақпарат ретінде ұсынылатын болады.