Зарина Дияс Токио Олимпиадасына қатысады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зарина Дияс Токио Олимпиадасына қатысады
ашық дереккөз

Бұл Халықаралық теннис федерациясы қалған квоталарды қайта бөлуді жүзеге асырғаннан кейін белгілі болды. Спортшының ITF лицензиясын Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті растады. Спортшы жекелей сында өнер көрсетеді. Осылайша, алты қазақстандық жекелей сында бақ сынайды. Атап айтқанда, бұған дейін Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин жолдама иеленген. Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Бублик, сондай-ақ Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова сынға түседі.