Елордадағы «G-Park» ЖШС құрылыс компаниясының қызметкерлері вакцина алды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордадағы «G-Park» ЖШС құрылыс компаниясының қызметкерлері вакцина алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107547318559370.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/07/9b1352ed-8235-4f68-892d-eee2492ba94b-300x200.jpg)
[caption id="attachment_90540" align="alignnone" width="1280"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption]
Жалпы G-Park компаниясының миссиясы - әлемдік және отандық озық тәжірибені, сондай-ақ озық және қауіпсіз құрылыс технологияларын пайдалана отырып, өмір сүру, демалыс және өнімді қызмет үшін жайлы орта құру.
«Мен G-Park құрылыс компаниясында заңгер болып қызмет атқарамын. Бүгін CoronaVac-тың екінші компонентін қабылдадым. Бірінші қабылдау мен қазіргі қабылдауымда ешқандай жанама әсер болған жоқ. Өзімді жақсы сезінудемін. Біз ауқымды компанияда жұмыс істегендіктен, адамдармен жиі қарым-қатынаста боламыз. Сол себептен өзімізбен қатар өзгелердің денсаулығын ойлағандықтан вакцина қабылдауға міндеттіміз деп есептеймін», — дейді Зергүл Есмағамбетова.
Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, елде коронавирусқа қарсы екпені толық алғандар саны 2,5 млн-нан асты. 2021 жылғы 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 4 705 675 адам, 2-компонентін 2 597 505 адам салдырды.