«Сары» және «жасыл» аймақтағы құрбандық шалатын арнайы орындарда азаматтардың денсаулығына ерекше көңіл бөлу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ASHYQ» мобильді қосымшасы іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.