Қазақстандық паралимпиадашылар халықаралық жарыста 18 медаль жеңіп алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық паралимпиадашылар халықаралық жарыста 18 медаль жеңіп алды
ашық дереккөз

Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 9 спортшы қатысып, 18 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында 5 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль бар. «Ұлттық құрамамыз жарысқа жақсы дайындалып келді. Сегіз мемлекеттің үздік спортшыларының арасында өнер көрсетіп, 18 медальді қанжығаға байладық. Аманат Қалқаев, Жоламан Еламан, Дастан Мұқашбеков атты спортшыларымыз әртүрлі тәртіптер бойынша жүлделі орынға ие болды. Өздеріңіз білетіндей, биыл 24 тамыз - 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы паралимпиадалық ойындары өтеді. Қазақстан тарапынан 23 пара спортшы қатысады, оның ішінде Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілқасымқызы пара атлетикадан өнер көрсетеді. Осы ойындарда қазақстандық спортшылар еліміздің намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болады деп сенемін», - деді пара жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Елена Морон.