Антикор алаңында Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үй бағдарламалары туралы айтылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Антикор алаңында Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үй бағдарламалары туралы айтылды
ашық дереккөз

Эфир барысында Мәдина Әжікенова «Шаңырақ», «Нұрлы жер», «Әскери баспана», «Бақытты отбасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың түрлері, сондай-ақ «Елорда жастары» жаңа пилоттық жобасы туралы айтып берді. Әрбір бағдарлама халықтың түрлі осал топтары үшін бірегей, мысалы, "Бақытты отбасы" - көпбалалы, толық емес отбасыларға немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған бағдарлама, ал «Нұрлы Жер» - бұл көппәтерлі үйлер құрылысы шеңберінде де, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту шеңберінде халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама. Спикердің айтуынша, «Елорда жастары» мемлекеттік бағдарламасының басты талабы – жасы 35-тен аспау. Бірінші кезекте қазіргі уақытта қандай да бір мемлекеттік бағдарламалар бойынша кезекке тұра алмайтын жастар санаттары қарастырылады. Сондай-ақ, спикер тікелей эфир қатысушыларына қолжетімді тұрғын үйдің қандай да бір бағдарламасы бойынша өтінімдерді қалай және қалай беру керектігі туралы кеңес берді, халықтың осал топтарына тұрғын үй алу қағидатын жетілдіруге көмектесетін жаңа бастамалар мен пилоттық жобалар туралы айтып берді.