Үндістанда найзағайдан 70 адам ажал құшты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Үндістанда найзағайдан 70 адам ажал құшты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210762595761209.webp)
ашық дереккөз
Жергілікті «Индия Тудей» сайтының мәліметінше, құрбандардың жартысынан көбі Уттар-Прадеш штатында тіркелген. Сондай-ақ 23 адам Мадхья-Прадеш және қалған 7-уі Раджастхан штаттарының тұрғындары. Елдің премьер-министрі көз жұмғандардың жақындарына әлеуметтік желіде көңіл айтты. Полиция марқұмдардың басым бөлігі жастар екенін атап өтті. Билік құрбандардың отбасыларына 500 мың рупийден өтемақы төлеуге уәде берді. Бұл - біздің валютаға шаққанда 2 миллион 800 мың теңге. Ресми есепке сәйкес, былтырғы 1 сәуірден биылғы 31 наурызға дейін найзағайдан 1619 тұрғын қаза болған.
Ұқсас жаңалықтар