Елімізде баға туралы бірыңғай дерекқор іске қосылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде баға туралы бірыңғай дерекқор іске қосылды
ашық дереккөз

Платформаның негізгі міндеті - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы бірыңғай дерекқорды және деректерді визуализациялау үшін интерактивті ортаны қалыптастыру.

Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізуге және өңірлер бөлінісінде олардың өзгеруін талдауға мүмкіндік береді.

Осы дерек көздерінің бірі - Derekhub.kz. Бұл мониторингтік топтар үшін ыңғайлы құрал болып табылатын және өңірлер бөлінісінде тамақ өнімдері мен дәрілік заттардың 19 атауы бойынша деректер енгізілетін ақпараттық жүйе.

Жүйені қалыптастыру әртүрлі деректер көздерін интеграциялау арқылы жүзеге асырылады деп болжанады. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және т. б. ақпараттық жүйелерінен деректерді жинау және талдау жоспарлануда.