Қазақстандық арулар әлемдік VOGUE журналының бетіне шықты
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Әлемдік VOGUE журналы 1892 жылдан бері шығып келе жатқан сән туралы бірегей журнал. Әнші әрі модель Менисованың туған жері Алматы қаласы. Сұлу бойжеткен Лос-Анджелес пен Маямиде өткен сән апталығына қатысқан болып шықты. Ал, осыған дейін Зарина Еваның фотосуреттері Франция мен Бельгияның глянец журналдарына көрік берген екен. Сонымен қатар, ол бельгиялық танымал «MAXIM» журналының бетбейнесі ретінде бой көрсеткен. Заринаның Нью-Йорктегі кино академиясында актриса мамандығы бойынша білім алып жатқаны белгілі болды.
Ұқсас жаңалықтар