Елордада паражүзуден әлем чемпионы Сиязбек Далиевке арналған мурал салынды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада паражүзуден әлем чемпионы Сиязбек Далиевке арналған мурал салынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107622120148244.webp)
ашық дереккөз
Сиязбек Далиев – паражүзуден әлем, Азия мен Еуропа чемпионы, биыл Токио Олимпиадасында еліміздің намысын қорғайды. Ол тек спортшыларға ғана емес, өзге де жас ұрпаққа өзінің ерік-жігері мен намысшылдығы арқылы үлгі болып жүр. Мурал «Toyota Motor Kazakhstan» компаниясы және Ұлттық паралимпиадалық комитеттің бастамасымен салынды. Муралды салған суретшілер Аяулым мен Айбек Нұрбековтер отбасы. Айта кетейік, мурал Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы 189 көше, 5 үйдің қасбетінде салынған.
Ұқсас жаңалықтар