Юрий Ильин үкіметтік емес ұйым өкілдеріне медальдар табыс етті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Юрий Ильин үкіметтік емес ұйым өкілдеріне медальдар табыс етті
ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құттықтау сөзінде заң шығару қызметіндегі бірлескен жұмыс пен қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті. Осы жұмыстардың арқасында төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы азаматтық қорғау жүйесі жетілдірілуде.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Елорда күнін мерекелеуге орай Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Гүлнар Құрбанбаеваға, Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директорының орынбасары Гүлнар Қуанғановаға, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының басшысы Жарас Сұлтанбекке, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Сауда және шағын бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Ирина Тюгинаға «Төтенше жағдайлардын алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдары табыс етілді.