Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 195 млрд теңгеден астам қаражат төленді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 195 млрд теңгеден астам қаражат төленді
ашық дереккөз

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 526 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171 мың адамды құрайды.

2021 жылдың маусым айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 6,9 млрд теңге жұмсалды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушысының асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты белгіленеді.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48 701 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 225 теңгені құрады.