Асхат Оралов Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Асхат Оралов Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107618526196856.webp)
ашық дереккөз
Ол бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған. Әр жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ хатшылығында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды. Соңғы жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі болып саналады. Әкім орынбасары ретінде Асхат Оралов әлеуметтік бағыттарға жетекшілік ететін болады.
Ұқсас жаңалықтар