Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған алты мекеме жауапкершілікке тартылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған алты мекеме жауапкершілікке тартылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107622131805787.webp)
Есіл ауданында санитарлық дәрігер белгілеген уақыттан кейін «Hustle» ойын клубы, «Yamato» интернет-клубы, «Mine» пабы, «Quartet» караоке-клубы келушілерді қабылдаған. Ал «Quartet» караоке-клубының қызметкерлері маска режимін де сақтамағаны анықталды. Сарыарқа ауданында орналасқан «Stanbul» кафесі түн ортасынан кейін жұмыс істеді. Байқоңыр ауданындағы «Fakir» кафесінде де осы талаптар бұзылған. Тәртіп бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды. Айта кету керек, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып отыр. Күн сайын Нұр-Сұлтанда КВИ ауруының жүздеген жаңа жағдайы анықталады. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс.