Адвокаттар «Адал көмек» жоба аясында кеңес береді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Адвокаттар «Адал көмек» жоба аясында кеңес береді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107624526170862.webp)
Қазіргі уақытта карантиндік шектеулердің жалғасуына байланысты жоба жұмысы онлайн режимінде жүзеге асырылуда.
Осы жоба аясында танымал адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік қызметшілер Facebook, Instagram және WhatsApp-мессенджер әлеуметтік желілері арқылы азаматтарға онлайн-кеңес береді.
Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Илья Лунев «Мәмілелер» тақырыбында тікелей эфирді өткізді.
Тікелей эфир барысында мәмілелер, олардың түрлері, жарамсыз мәмілелер туралы заңның жалпы талаптары қаралды. Атап айтқанда, жарамсыз және даулы мәмілелер, адал сатып алу және сатып алу мерзімі туралы ұғымдар ашылды. Эфир барысында адвокат өзінің жеке тәжірибесінен мысалдар келтірді. Келесі кездесуде жиі кездесетін кейбір мәмілелер, олардың белгілері және олар бойынша заңнама талаптары егжей-тегжейлі қарастырылатын болады. Келіп түскен сұрақтарға эфир барысында адвокат тиісті кеңестер берді. Илья Михаиловичтің қатысуымен апта сайын тұрақты негізде осындай тікелей эфирлер өткізу туралы шешім қабылданды.
Азаматтардың сұрақтары үшін арнайы электрондық пошта adalkomek_nur@mail.ru құрылды. Олар бойынша консультациялар эфирлер кезінде берілетін болады.
Тікелей эфир сілтемесін мына жерден көруге болады.