Елордадағы карантин туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордадағы карантин туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107622729734665.webp)
Қаулыға сәйкес, мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (ғимарат ішінде), орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы бойынша 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен және ашық ауада (жазғы залдарда) отыратын орындарының саны 30-дан аспайтын есеппен жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен, тамақты жеткізу және шығару қызметін штаттық режимде ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету, еске алуды өткізу) үшін жұмыс күндері ғимарат ішінде жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып және ашық ауада (жазғы залдарда) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленсін. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды («Ashyq» жобасына қатысушы объектілерде белгіленген еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, кинотеатрлардың, концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, хайуанаттар парктерінің, океанариумдардың, батуттардың, кинорумдардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, оның ішінде лотереялардың, балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және жабық үй-жайлардағы аттракциондардың, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтардың (кинотеатрлардан, кинорумдардан басқа «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерді (объектілерді) қоспағанда) жұмысына тыйым салынады. Қаулы 2021 жылғы 11 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.