Елордада үш қоғамдық тамақтану орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада үш қоғамдық тамақтану орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөз

Есіл ауданында «Chelsea» спорт-бары белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеуін тоқтатқан жоқ. Ал «Opus One» кафесі жұмыс режимін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды. Сарыарқа ауданында орналасқан «Көктал» кафесі елорданың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын елемей түннің бір уағына дейін жұмыс істеді. Тексеру кезінде мекемеде адам көп болып, әлеуметтік қашықтық сақталмағаны анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтары, сол сияқты кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.