Елордада мереке күндері төрт адам суға батып қаза тапты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада мереке күндері төрт адам суға батып қаза тапты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107631611063283.webp)
ашық дереккөз
«Азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері күн сайын акваторияның аса қауіпті учаскелерінде патрульдеу жүргізеді (50-ден астам адам түседі), оның барысында халықпен әңгімелесу жүргізіледі және судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша үгіт өнімдері таратылады.Шомылу маусымы басталғаннан бері рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша 5 471 жадынама мен брошюра таратылды.Бүгінгі күні елорданың су айдындарында адамдардың қаза болу статистикасы 7 адамды құрайды, оның ішінде 3 жасөспірім. Адамдардың қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тіркелген.Айта кету керек, мереке күндері ғана 4 адам, оның ішінде 2 бала қаза болды. Бұл күндері құтқарушылар көптеген адамдарды құтқарды.Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды су айдындарына өздерін жібермеуге шақырғым келеді», - деді Р.Демеуберген.
Ұқсас жаңалықтар