Елордада 10 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 10 мекеме жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөз

Алматы ауданының мониторингтік топтары «Aisa» барында, «Oasis» кафесінде және «В9» компьютерлік клубында жұмыс режимі бұзылғанын анықтады. Сондай-ақ, Сарыарқа ауданында орналасқан «Sreda» кафесі сағат 22:00-ден кейін де жұмысын тоқтатпаған. Мекеме қызметкерлері бетперде, әлеуметтік қашықтық режимін сақтамағаны белгілі болды. Сол сияқты Байқоңыр ауданындағы «Мята» лаундж-бары да белгіленген режимді сақтаған жоқ. Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған тағы 5 қоғамдық тамақтану орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында «Какие люди» ресто-бары, «Мост», «Мята» мейрамханалары, «Legends pub» бары, «Woklagman» фастфуд орны бар. Карантин талаптарын бұзғандарға қатысты материалдар тиісті шара қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.