Елордалық құтқарушылар демалыс күндері бес адамды құтқарды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық құтқарушылар демалыс күндері бес адамды құтқарды
ашық дереккөз

Тек осы демалыс күндері құтқарушылар суда екі адамды және Қараөткел көпірінде үш жасөспірімді құтқарды. 5 шілде күні кешкісін елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақыртуға шықты, олар өзеннің ортасында мас күйінде өзеннің арғы жағына өтуге тырысқан әйелді көрді. Құтқарушылар әйел құтқарып, қайыққа отырғызған. Ал 6 шілдеде патрульдеу кезінде құтқарушылар көмек сұраған ер адамды байқады. Жедел әрекет ете отырып, құтқарушылар суға секіріп, құтқару шеңберінің көмегімен жас адамды құтқарды. Тағы бір ерекше оқиға 5 шілдеде болды, келіп түскен хабарлама бойынша құтқарушылар шақыру орнына 4 минуттан кейін келді, онда «Қараөткел» көпірінің доғасының жоғарғы жағында күнге қыздырынған үш адам болған. Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтар арқылы адамдарды қауіпсіз жерге түсіруге кірісті. Елордалық құтқарушылардың жедел, сауатты және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында судағы екі адам және үш жасөспірім құтқарылды. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекті рет азаматтарға су қоймаларында болған кезде мынадай жағдайларға тыйым салынатынын ескертеді: – алкогольдік және есірткілік мас күйде шомылуға және суға түсуге; – қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге; – тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге; – жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан тыс жүзуге; – жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; – балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге.