Грек-рим күресінен Олимпиадаға қатысатын құрам белгілі болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Грек-рим күресінен Олимпиадаға қатысатын құрам белгілі болды
ашық дереккөз

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрама командасынан үш балуан қатысады. Токио боз кілемінде белдесетін балуандар: 60 келі: Мирамбек Айнағұлов, 77 келі: Демеу Жадыраев, 87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов. Айта кетерлігі, грек-рим күресінен жолдама спортшыға емес, командаға беріледі. Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері лицензиялық жарыстардан үш салмақ бойынша жолдама жеңіп алған болатын. Олимпиадаға ұлттық құраманы грек-рим күресінен бас бапкер Бақтияр Байсейітов бастап барады.