Қазақстан мен Өзбекстан су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Өзбекстан су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады
ашық дереккөз

Кездесу барысында тараптар су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ қолайлы вегетациялық кезеңді өткізу бойынша пікір алмасты. Шардара су қоймасындағы су шаруашылығы жағдайын жақсарту мақсатында тараптар Өзбекстан Республикасының аумағы арқылы кедергісіз су транзитінің мәселесін талқылады. Аталған су көлемін Қазақстан Республикасының өтініші бойынша тәжік тарапы «Бахри Точик» су қоймасынан қосымша жібереді. Бұдан өзге министр М.Мырзағалиев трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісім жобасын келісуді аяқтаудың маңызын атап өтті. Кездесу нәтижесінде тараптар трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімді талқылау жөнінде кеңес өткізуге келісті.