Мектептерге отандық автоқұрастыру кәсіпорындары 515 автобус жеткізеді
Жол картасы аясында биыл қазақстандық мектептерге 515 мамандандырылған автобус: 20 орындықты 347 автобус және 40 орындықты 168 автобус беріледі. Мектептерді автобустармен қамтамасыз етуге үш отандық автоқұрастыру кәсіпорны тартылды: QazTechna ЖШС (Саран қ.) YUTONG (20 отыратын орын) 287 автобусын, DaewooBusKazakhstan ЖШС (Семей қ.) - 60 ПАЗ автобусын (20 отыратын орын), HyundaiTransAuto ЖШС (Алматы қ.) - Golden Dragon (40 отыратын орын) 168 автобусын жеткізеді.
Балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көлікке жоғары техникалық талаптар қойылады. Барлық автобус жүйелер мен агрегаттардың қауіпсіздігін интеллектуалды автоматты тексерумен, балаларды салонда қалдыруды болдырмау жүйесімен, екі қауіпсіздік белдігі бар балалар орындықтарымен, салонның артқы жағында бір рет ашылатын авариялық шығумен, санитариялық-эпидемиологиялық қондырғымен жабдықталған.
Автобустарды лизингке сатып алу үшін өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 22 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жергілікті атқарушы органдардың бюджетіне жүктемені төмендету үшін автобустарды сатып алу лизингтік қаржыландыру шарттарына өзгерістер енгізілді: аванстық төлем алынып тасталды.