Мәскеудегі турнирде жаппай төбелес. Жанжал шығарғандар сол жерде жекпе-жек өткізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәскеудегі турнирде жаппай төбелес. Жанжал шығарғандар сол жерде жекпе-жек өткізді
ашық дереккөз

Vesti.kz мәліметінше, оқиға екі спортшы мен команда өкілдерінің сөзге келіп қалуынан басталды. Октагон ортасында басталған төбелеске қоршаудан секіріп өтіп, көрермендер де араласып кетті.

Ұйымдастырушылар бұл төбелесті күшпен әзер тоқтатты. Мәселені шешуге күзетшілер және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне араласуға тура келді. Ал октагоннан бәрін шығарып тастағаннан кейін екі спортшы шаршы алаңға оралып, жұдырықтасты. Алайда жоспарланбаған жекпе-жек бір минуттан кейін аяқталды.