«Олимпиада қалашығынан басқа жерге баруға болмайды». Токиодағы төртқұрлық жарысы қалай өтеді
Ғалымбек Кенжебаев Токио Олимпадасындағы шектеулерге қатысты да өз ойын бөлісті. «Коронавирустық инфекцияға байланысты Олимпиадада көптеген шектеу болатыны анық. Мәселен, спортшылардың басқа команда мүшелерімен сөйлесуіне, араласуына мүлде рұқсат жоқ. Олимпиада қалашығынан басқа жерлерге баруға, қала ішінде әрі-бері жүруге болмайды. Қысқа айтқанда, спортшының бағыты жарыс өтетін орын мен Олимпиада қалашығының арасы болмақ. Одан бөлек, арнайы электронды қосымшаға күн сайын өзің туралы ақпаратты толтырып отырасың. Команда мүшелерінің біреуінен ПТР сынама оң нәтижемен алынса, тұтас команда карантинге жабылады. Осының бәрін ескеруіміз керек», - дейді бапкер. Токио Олимпиадасындағы боксшылар бәсекесі 24 шілдеде басталады.