«Әлемге қазақ стилін көрсеттім». Жәнібек кез келген қарсыласқа дайын екенін айтты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Әлемге қазақ стилін көрсеттім». Жәнібек кез келген қарсыласқа дайын екенін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721076608271514.webp)
ашық дереккөз
«Әлемге қазақ стилі не екенін көрсеттім. Роб Брант жайдан-жай әлем чемпионы болған боксшы емес. Бірақ мен арсеналымды толық көрсетуге шыққанмын. Рейтінгім жоғары. Енді кез келген орта салмақтағы боксшымен кезіге аларыма сенімдімін. Бадди МакГиртпен тамаша жаттығу лагері болды. Бұл ауыр еңбектің жемісі», - деген Әлімханұлының сөзін Boxingscene.com жариялады.
Қазақ боксшысы өткен демалыста Лас-Вегастағы бокс кешінде жұдырықтасқан болатын. Ол алтыншы раундта Роб Брантты нокдаунға түсірді. Ал сегізіншіден кейін америкалықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осыдан кейін Жәнібек орта салмақ чемпиондарын айқасқа шақырды. Мұның алдында Әлімханұлы Брантты жеңсе, мексикалық Хайме Мунгиямен (37-0, 30 КО) жекпе-жекке шығатыны айтылған еді.
Ұқсас жаңалықтар