Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Сондай-ақ ол тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде ұлттық медиа елімізбен бірге жаңару мен дамудың биік белестерінен өткенін айтты. «Ақпарат саласының мемлекеттік басқару процесіне ықпалы артып келеді. Баспасөзде сауатты көтерілген мәселелер мемлекет сапасын көтеруге септігін тигізіп жүр. Президентіміздің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының нәтижелі іске асуында да журналистердің үлесі зор. Әрбір журналистің бүгінгі күнделікті еңбегі арқылы мемлекетіміздің ертеңгі тарихы жазылып жатыр. Сондықтан ақпарат саласын жаңа деңгейге көтеріп, биік талғамды қалыптастырудағы еңбектеріңіз жана берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шалқар шабыт пен толайым табыс тілеймін!», - деді ведомство басшысы желіде жариялаған видеосында.