27 маусымнан бастап вакцинацияланған елордалық қызметкерлер офлайн режимде жұмыс істей алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![27 маусымнан бастап вакцинацияланған елордалық қызметкерлер офлайн режимде жұмыс істей алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107665718536255.webp)
Жаңа қаулы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусым күнгі хаттамасына сәйкес қабылданды. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшуі керек. Ал вакцинацияны толық қабылдаған қызметкерлер офлайн режимдегі жұмысқа жіберіледі. «Өндірістік қажеттілікке байланысты меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу түріне көшірілуі тиіс. Бұл ретте соңғы 3-6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкер күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі», - делінген қаулыда.