Елена Рыбакина Истборнда жартылай финалға өтті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елена Рыбакина Истборнда жартылай финалға өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107670421673614.webp)
ашық дереккөз
Ол латвиялық Анастасия Севастовадан басым түскен деп жазады Olympic.kz. Кездесу үш сетке созылып, Рыбакина 2:6, 7:6 (9:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. «Бұл драмаға толы матч болды. Кездесуде жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жалпы алғанда ойын өте жоғары деңгейде өтті. Жартылай финалға жеткеніме ризамын», - дейді Рыбакина. Матч 2 сағат 32 минутқа созылған. Жартылай финалда Елена тағы бір латвиялық спортшы Елена Остапенкомен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар