Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 14,2 млрд долларды құрады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 14,2 млрд долларды құрады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107706729378928.webp)
Форум 2021 жылғы 23-24 маусымда Душанбе қаласында өтеді. Форум тақырыбы: «Цифрлық экономика, электрондық сауда және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты арттыру».
Өз сөзінде министр «Шанхай ынтымақтастық ұйымы біздің елдеріміздің көшбасшыларының күш-жігері мен тікелей қатысуының арқасында сауда-экономикалық, көлік, экологиялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың пәрменді тетігіне айналғанын» атап өтті.
Қазақстан ШЫҰ-ны маңызды стратегиялық және сауда-экономикалық ұйым ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының ШЫҰ қатысушы елдерімен сауда-экономикалық байланыстары жоғары деңгейде сақталуда. 2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша, Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 14,2 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға жоғары (12,8 млрд. АҚШ).
Бақыт Сұлтанов хабарлағандай, ШЫҰ-ға қатысушы елдерге ҚР экспортын арттыру әлеуеті шамамен 2 млрд. АҚШ доллары химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және экономиканың басқа да өңдеу салалары сияқты салалар бойынша. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және оның жоғары оң динамикасын қолдау үшін қазақстандық делегация жеткізілетін тауарлар мен қызметтер номенклатурасын кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнату бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруды ұсынды.
Сондай-ақ Қазақстан тарапы сауданы қаржыландыруға және деректермен алмасуға қолжетімділікті кеңейту мақсатында Цифрлық платформаларды қолдана отырып, цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту және кеңейту және трансшекаралық электрондық сауда үшін цифрлық түрлендірулерді жеделдету жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынды. Оның ішінде, электрондық сауда инфрақұрылымын дамыту, фулфилмент орталықтарын дамытуды қолдау, маркетплейстерді тіркеу және әріптес елдердің нарықтарына шығару рәсімдерін жеңілдету.
«ШЫҰ шеңберінде тиісті инфрақұрылым құру, технологиялық үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында цифрлық салада тығыз өзара іс - қимыл жасау қажет», - деді сауда және интеграция министрі.
Қазақстан тарапы өсіп келе жатқан платформаларға қажетті қолдау көрсететін және қатысушы елдердің аумағында тауарларды беру нүктелерін ашуға жәрдемдесетін электрондық коммерцияны қолдау қорын құру ұсынысын да жеткізді.
Форум аясында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Кездесу барысында тараптар ішкі және сыртқы сауда, тауарлар мен қызметтер экспорты, коммерциялық және инвестициялық жобаларды іске асыру, зияткерлік меншік және электрондық сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.