Асқар Мамин Үкіметтің биылғы негізгі міндеттерін атады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Асқар Мамин Үкіметтің биылғы негізгі міндеттерін атады
ашық дереккөз

«2021 жылдың қорытындысы бойынша Үкіметтің алдында экономика өсімін 3,5-4,0 процент деңгейінде қамтамасыз ету және 1,2 млн адамды жұмыспен қамту шараларын іске асыру міндеті тұр. Бұл халықтың нақты табысын 5 процент арттыруға мүмкіндік береді. Үкімет сонымен қатар 8 трлн теңгеге 415 инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп отыр», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 200 мектеп салу және 30 медпункт ашу, 6 мың шақырым автожол жөндеу және салу, халықты ауыз сумен қалада 98 процент және ауылда 91,8 процент қамтамасыз ету жоспарланған. «Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін пайдалану үшін 1 050 шақырым каналды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл суарылатын жерлерді 78 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді премьер-министр.