«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау аяқталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау аяқталды
ашық дереккөз

Еліміздің өңірлерінде «Мерейлі отбасы» байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталды. Биылғы жаңа ережелерге сәйкес, өтінімдерді отбасылардың өздері ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар берді. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты атағы қыркүйек айында, Отбасы күні қарсаңында Қазақстанның барлық өңірінен келген 17 үздік отбасыға беріледі. Бұрын республикалық деңгейде бір ғана отбасы жеңіске жететін. Биылдан бастап өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған барлық 17 отбасыға конкурс лауреаты атағы беріліп, тең марапатталады.