Жыл басынан бері 1,1 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері 1,1 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді
ашық дереккөз

Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2%-ға ұлғаюы (1 039,4 млрд теңге) есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 5,5%-ға, сүт өндірісі 3,1%-ға өсті.

Аталған кезеңде өсімдік шаруашылығы өнімдері 58,3 млрд теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 100%-ды құрады. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта (жылыжайда) өсіру есебінен қамтамасыз етілді.

Облыстар бойынша республикалық деңгейден жоғары қарқын төрт облыста байқалды: Ақмола – 113,8%, Павлодар – 103,9%, Батыс Қазақстан және Қарағанды - 103,3%.