Теннис: Зара Дәркен Украинадағы турнирдің жартылай финалына шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Теннис: Зара Дәркен Украинадағы турнирдің жартылай финалына шықты
ашық дереккөз

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, З.Дәркен жекелей және жұптық сында да сәтті өнер көрсетуде. Зара ширек финалда тартысты матчта Израиль өкілі Сапир Коэнді 6:4, 4:6, 7:6 есебімен ұтты. Бүгін ол финалға шығу үшін осы турнирдің 2-ракеткасы, ресейлік Мария Головинамен таласады. Қазақстандық теннисші жұптық сында жартылай финалда украиналық Евгения Зеленскаямен бірге корт иелері Вероника Павленко – Диана Смолинскаямен шеберлік байқасады. «Турнир мен үшін табысты өтуде. Алғашқы айналымнан бастап жақсы ойын өрнегін көрсеттім. Жартылай финалда да аянып қалмаймын, жеңіс үшін барымды саламын», — деді Зара Дәркен.