Бақытжан Омаров ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі болып тағайындалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бақытжан Омаров ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі болып тағайындалды
ашық дереккөз

Бақытжан Омаров Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриаты мен магистратурасын бітірген. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аударма және тілшілер бөлімдерінде жемісті еңбек етті. 2012-2016 жылдарда корпорацияның Түркиядағы меншікті тілшісі қызметін атқарып, бауырлас елдің жаңалықтарын жеткізіп тұрды. Құрлықтар құлақ түрген оқиғалардың ортасында жүрді. Кейін «Хабар-24» арнасының бас редакторы болды. Б.Омаров – Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының және ТҮРКСОЙ халықаралық сыйлығының лауреаты.