Президент тапсырмасы. Екі әкім қызметінен кетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент тапсырмасы. Екі әкім қызметінен кетті
ашық дереккөз

«Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, мақалада келтірілген деректер расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысып жатыр. Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарма басшысы, сондай-ақ бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапқа тартылды», - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желіде.