Әлеуметтік желі арқылы діни экстремизмді насихаттағандар қолға түсті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлеуметтік желі арқылы діни экстремизмді насихаттағандар қолға түсті
ашық дереккөз

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Facebook және Twitter пайдаланушылары парақшаларында деструктивті діни ағым идеологиясын насихаттайтын экстремистік сипаттағы бейнероликтер мен басқа да материалдарды анықтады. Аталған жайт СДТБТ-ға қылмыстық кодекстің 405-бабы, 2-бөлігі (қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу не жою туралы сот шешімінен кейін қайта ұйымдастыру) әрі 256-бабы, 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында экстремистік материалдардың таралуына қатысты күдікті ретінде Түркістан облысының төрт тұрғынын құрықтады. Сотқа дейін жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.