Нұрқанат Әжіқанов Токио Олимпиадасының лицензиясын алды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұрқанат Әжіқанов Токио Олимпиадасының лицензиясын алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107715420517170.webp)
ашық дереккөз
75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат турнирде қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңімпаз атанды. Жарыс ережесі бойынша турнирде үздік үштікке енген каратэшілерге Олимпиада жолдамасы беріледі. Әжіқановтың салмағында күміс жүлдені Германия, қоланы Венгрия спортшылары еншілеген. Осылайша, Нұрқанат Әжіқанов каратэден үшінші жолдаманың иегері атанды. Бұған дейін Дархан Асаділов пен Мөлдір Жаңбырбай Токио ойындарына лицензия иеленген болатын. Бүгін сынға түскен Сабина Захарова төртінші орын иеленіп, Олимпиададан сырт қалды. Ал Мәди Қатешов 1/16 айналымнан өте алған жоқ. Айта кетелік, әзірге Қазақстан командасы спорттың 26 түрінен 70 Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар