Италия Еуропа чемпионатының тарихында алғаш рет бір ойында үш гол соқты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Италия Еуропа чемпионатының тарихында алғаш рет бір ойында үш гол соқты
ашық дереккөз

Матчтың алғашқы таймында есеп ашылмағанмен, екінші 45 минутта итальяндар қажетті нәтижеге қол жеткізді. Ойынның 53-минутында түркиялық Мерих Демирал өзінің қақпасына соғып алды. Ал 66-минутта Чиро Иммобиле басымдықты арттыра түсті. Кездесудің 79-минутында Лоренцо Инсинье мергендік танытып, ойынның нүктесін қойды. Италия құрамасы жайлы қызықты фактілер:

  • Италия құрамасы жеңіліссіз матчтарын 28 ойынға (23 жеңіс, 5 тең есеп) дейін ұзартты;
  • Соңғы 9 ойында тек жеңіске жетіп қана қоймай өз қақпасына гол жіберген жоқ;
  • Еуропа чемпионатының тарихында итальяндар алғаш рет бір матчта үш гол соқты;
  • Италия Түркия өзара 14 ойын өткізді. Оның 10-ында итальяндар басым түссе, төрт ойын тең есеппен аяқталды.

Айта кетейік, Еуропа біріншілігі ойындары бүгін, 12 маусымда жалғасады. Бүгін А тобында Уэльс пен Швейцария (сағат 18:50), В тобындағы Дания мен Финляндия (сағат 21:50), Бельгия мен Ресей (сағат 00:50) құрамалары кездеседі.